AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мүмкін емес ештеңе жоқ": Роман Скляр утиль алымнан бас тартуға қатысты пікір білдірді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утиль алымынан бас тарту туралы айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Роман Скляр

"Мүмкін емес ештеңе жоқ, екеуін де жоққа шығаруға болмайды. Біздің біртұтас экономикалық кеңістікте екенімізді ұмытпау керек, көршілерімізде бұл утиль алымы бар. Бізде өндірушілерімізді, машина жасаушыларымызды және басқаларды қорғау үшін басқа тетіктер жоқ", – деді Роман Скляр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. 

Сонымен бірге, Роман Скляр журналистерді популистердің жетегіне ермеуге шақырды. 

"Мен бұл тақырыппен бірнеше рет шықтым және журналистерге оны тереңірек зерттеуге кеңес бердім. Түрлі популистерді тыңдаудың қажеті жоқ, машина жасау саласында белгілі бір шара қолдану керегін айту – абсолютті популизм. Әңгіме еліміздің дамуы мен машина жасау саласының болашағы туралы болып отыр. Кейбір популистер "Біз автокөлік шығара алмаймыз, оған құзіретіміз жетпейді" дейді, мен мұнымен үзілді-кесілді келіспеймін", – деді Роман Скляр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр