Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Тайжан “Нұр Отаннан” Димашты саясатқа араластырмауларын сұрады

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан «Нұр Отан» партиясынан Димаш Құдайбергенді саясатқа араластырмауларын сұрады.

17333143_426906867650514_2573105861832474624_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше отандасымыз Қытайда өткен «I am Singer»байқауында екінші орынды иеленді. Аталған байқау барысында Димаштың тыңдармандарының саны еселеп артты. Оны әлем танып, талантына тәнті болды. Елемізде мұндай танымалдылыққа ие болған жұлдыздар «Нұр Отан» партиясының қатарына өтіп, саяси шараларға жиі атсалысып отырады. Осы орайда, Мұхтар Тайжан биліктегілерден Димашты саясатқа араластырмауларын сұрады.

«Нұр Отанға», идеологтарға және өзгелерге үлкен өтініш, Димашты саясатқа араластырмаңыздар. Енді оған өздеріңіз ойнайтын үлкендер ойынын ойнатып, партия қатарына қосып, ода айтқызып, үгіт-насихат жүргізуге жол бермеңіздер. Жаратушы оған осындай талант берген екен, енді ол өнермен еш кедергісіз айналыссын. Ең болмағанда Димашты өнерде қалдырайық», – дейді Мұхтар Тайжан.


Жіберіп алмаңыз:

Асылхан Төлепов туған қаласы үшін көмек сұрады

Жанар Дұғалова: Табыс пен атақтың сүйікті ерімді алмастыра алмайтынын түсіндім

Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Талқылау