Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектік арбасына отырып, алдап қайыр сұраған Шымкент тұрғыны ұсталды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары адамдар көп шоғырланатын жерлер мен базарларға тексеріс жүргізу нәтижесінде қайыршылықпен айналысуды әдетке айналдырған 3 ер адамды ұстады. Олардың арасындағы Шымкент тұрғынының мүгедектер арбасында отыруы жай көзбояушылық екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полейцейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, заңсыздықтарға жол бермеу, орталық көшелердегі адамдар көп келетін орындар мен базар маңында қайыршылықпен айналысып жүргендерді анықтау мақсатында, бақылап, қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Осындай кезекті тексеріс кезінде полиция майоры Еламан Абишев, қайыршылықпен айналысуды әдет еткен 3 тұрғынды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен "Қоғамдық орындарда тиісу" хаттама толтырды. Аталған құқық бұзушы 3 ер адамның екеуі жергілікті, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Олар орталық базарда қайыршылық жасап жүрген. Бұған  дейін тәртіп сақшылары оларға ескерту де берген.


  • 4,5 миллион теңгеге "дуаның бетін қайтарған": Шымкентте өзін көріпкелмін деген әйел тұрғындарды алдап соққан


Жұртқа алақан жайып, қайыр сұрап отырған шымкенттік ер адамның мүгедектер арбасында отырғаны жай көзбояушылық екені белгілі болды. Яғни, тексеру кезінде оның өз аяғымен жүре алатыны анықталды.

“Қоғамдық орында өзінің бас пайдасы үшін тәртіпсіздікке жол беріп, осындай заңсыз әрекеттерге баратындар жауапкершілікке тартылады. Қол-аяғы сау бола тұра, жеңіл жолмен ақша табуға әдеттенгендерге алданбаңыз. Табысыңызды қайырымдылыққа аудармас бұрын, ол ақшаның кімге, не мақсатта жұмсалғалы жатқанына мән беріңіз”,-деді Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Талқылау