Мүгедектерге арналған арбасын жоғалтып жіберген: Бір апта бөлмесінен шыға алмаған әйел Air Astana-ны сотқа берді
Өткен жылдың қаңтарында арбаға таңылған М. есімді әйел "Air Astana" әуекомпаниясымен Таиландқа ұшқан. Ол емдік, профилактикалық, сауықтыру және оңалту кешенін өткізу үшін шетелге кеткен екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Air Astana сайты
М. есімді әйелдің 2-топтағы мүгедектігі бар.
"Ұшып кетер алдында әуежайдың жерүсті қызметі оған мүгедектер арбасын багаж ретінде тексеруге міндеттеген. Олар Бангкок әуежайына қонғанда арбаны қайтаратынын айтқан", – делінген сот құжатында.
Алайда М.-ның арбасы діттеген жерге жетпеді. Олар әйелді қонақ үйге жеткзгенімен, М. көшеге шыға алмай, бір апта бөлмесінде отырған.
Ұлттық әуе тасымалдаушысы арбаны қайтармағандықтан, әйел Паттайядағы әскери госпитальда тағы біреуін сатып алуға мәжбүр болды.
Air Astana компаниясы сотта М.-ға арбасын бергені және үшінші тұлға кінәлі екендігі туралы дәлелдеме ұсынбады және әйелге шығынды өтеп берді.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті