Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мойнын сындырып, өкпесі мен бауырын жарып жіберген": Павлодар облысында ер адам өз қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

зорлау

Фото: Istock.com

Павлодар облысының тұрғыны мас күйінде кішкентай қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалып, әкесі қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тереңкөл ауданында 21 қыркүйек қайғылы оқиға болды.

"Ер адам өз баласын өлтірді. Ол мас күйінде баланы аяғынан ұстап алып, еденге екі рет ұрып, мойнын сындырып, өкпесі мен бауырын жарып жіберген", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жедел жәрдем шақырмай, өздері ауруханаға алып келген. 


Түркістан облысында ұлы ұрып-соққан қарттың мәйітіне эксгумация жасалды


"Төрт баланың анасы": Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтірген


Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша бала есін жимай мерт болды.

"Бұл қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің әкесі анықталып, ұсталды, соттың санкциясымен қамауға алынды", – деп хабарлады департаменттегілер.

Полицейлер оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатынын атап өтті.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 16:35
Талқылау