"Моральдық шығынды өтеймін деп өмір бойы аш өтесің": Джуринская оқырманын сотқа бермек
Жәния Джуринскаяны оқырманы ашуландырды. Актриса жеке басына тіл тигізген жігітті сотқа бермек, деп хабарлайды Stan.kz.
Нұрсұлтан Төлеутау есімді оқырман Жәнияның жеке басына қатысты ауыр сөз жазған. Ол Жәнияға қатысты ойын арсыз сөздермен жеткізген.
"Тумайтын қатын екенсің, тірлігің тырдай жалаңаш жүру, все", – деп жазған ол.
"ЭКО орталығына бардық": Жәния Джуринская отбасылық құпиясын ашты
Бұл сөздер Жәнияның шамына тисе керек, актриса хат иесін сториске шығарып, үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.
"Сенің үстіңнен арыз жазамын, сен және сенің отбасың моральдық шығынды өтеймін деп өмір бойы аш өтесіңдер", – деп қорқытты ол.
Актриса жағымсыз пікірге еті үйренгенін атап өтті. Алайда шектен шыққандарды жазасыз қалдырмайтынын кесіп айтты.
"Хейтке үйреніп қалғанмын. Қуанышқа орай, менің жақтастарым әлдеқайда көп. Бірақ ол дегеніңіз мен үндемейді деген сөз емес. Шектен шыққан кез келген адамның быт-шытын шығарамын", – деді Джуринская.