Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғол тілінде ән орындаған Мәдина Сәдуақасова залды шулатты (видео)

Әнші Мәдина Сәдуақасова Моңғолияның үш қаласында «Арман елім-ай» аталатын ән кешін өткізді. Концерттердің бірінде әнші моңғол тілінде ән орындап залды шулатты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ән кешінде түсірілген видеоны желідегі парақшасында жариялаған Мәдина Сәдуақасова Моңғолия халқының өзінің өнеріне деген ықыласына тәнті болғанын айтты.

«Ақыры үйреніп орындадым моңғол тіліндегі әнді. Өте әдемі ән. Ол жерде қандай атмосфера болғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір керемет болды. Бұл сәттер, бұл сапар, концерттер, кездесулер мәңгілік біздің жүрегімізде қалады. Моңғолия жері, халқы, олардың бізге деген қошеметі, ықыласы ұнады», – деп жазды әнші.

 

 

Ақыры үйреніп орындадым моңғол тіліндегі әнді, өөте әдемі ән ! 🇲🇳і, (залмен бірге ән шырқаған👍)Ол жерде қандай атмосфера болғанын сөзбен жеткізу мүмкін емес, бір керемет болды, енді! Мәңгілік біздің жүрегімізде қалады бұл сәттер, бұл сапар, концерттер, кездесулер, Моңғолия жері, халқы❤, олардың бізге деген қошеметі, ықыласы👏👏❤ #ҰмытылмасСәттер #Моңғолия #АрманЕлім @ushkyn.zhamalbek_official👍@aigerim_kainarbek ❤

Публикация от Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Өз кезегінде желі қолданушылары да әншінің өнеріне тәнті болып, қошемет білдіріп жатты.

Естеріңізге сала кетсек, Мәдина Сәдуақасованың өнеріне тәнті болған Моңғолия халқы оған ұлттық киімдерін кигізіп, құрмет білдірді.

Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасованың өнеріне тәнті болған Моңғолия халқы әншіге ұлттық киімдерін кигізді (видео)

Ұлды болғысы келген әнші Заттыбек қалың  жұртшылықты жиып, көкпар берді (фото, видео)

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Талқылау