Мөлдір Әуелбекова: Тағы ғашық болуым мүмкін
Екі некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова тағы ғашық болуы мүмкін екенін жасырмай айтты. Ол бұрынғы күйеулеріне реніші жоқ екенін жәгн балаларының әкелерімен араласуына қарсы еместігін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал балаларыңыз әкелерімен араласа ма деген сауалға әнші жауап бермеді. Мұның "ұзақ тақырып" екенін атап өтті. Алайда бастысы, өзі тыйым салмайтынын ескертті.
"Әкелерімен араласуына тыйым салмаймын. Мен өмірімде болып жатқан жалпы жағдайларды қабылдап үйрендім. Ол проблемаға айналмас үшін оны қабылдайсың, өкпе-ренішті қалдырасың. Қасымда ұлым, қызым бар. Негативті, өкпе-ренішті, ашу-ызаны арқама жүк қылып сүйреп жүргім келмейді. Ешкімге ренішім жоқ. Бұйырғанын көрдім", - дейді Әуелбекова.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды