Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шықты

Мөлдір Әуелбеков Рамазан айында тұрмысқа шықты. Екінші рет ақ келін атанған әнші сүйінші хабарды өзі мәлімдеді. 

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды.

"Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!", - деп жазды ол.

Бұған дейін әнші "бір шанс бер деді" деп тұспалдаған" еді. Мұны көпшілік бұрынғы күйеуі жайлы деп топшылады. Енді байқағанымыздай, әнші қасиетті айда екінші мәрте тұрмыс құрды. 

Әуелбекова жолдасының кім екенін ашық айтқан жоқ. Алайда күйеу жігіт екеуінің суретін жариялады. Өмірін таза парақтан бастайын деп ниеттенді ме, ол бұған дейінгі сурет-видеоларын толығымен өшіріп тастады. 

Желі қолданушылары құтты болсын айтып, бақыт тіледі. 

"Орамалыңыз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін", "Күйеуіңіз мұсылман болды ғой соған қарағанда", "Құтты болсын, ғұмырлы бол , бақытты бол", "Алла бақыттарыңызды баянды етсін", деп жазды оқырмандары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр