Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары жайлы айтты

Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл даму" АҚ қаражаты есебінен қазақстандықтардың жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөлік сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде.

Ведомство ақпаратынша, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Өңірлерде автобустарды жаңартуға 30 миллиард теңге бөлінеді.

"Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0%-дан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды", - делінген ИИДМ хабарламасында.

Талқылау