BI ковид ауруханаларын қандай материалдардан тұрғызды: ДСМ депутаттар сынға алған госпитальге қатысты жауап берді
Депутаттар сапасын сынға алған Алматыдағы модульді госпитальді денсаулық сақтау министрлігі салмады. Ол ведомство балансында жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған госпитальдердің құрылысын тексеруді ашық және егжей-тегжейлі ұйымдастыруды талап етті.
"Кей деректерге сәйкес, жекелеген ковид госпитальдерінің құрылысына BI Group тарапынан сүрілген ғимараттардың материалдары қолданылған. Мысалы, Атырау облысының Опорный елді-мекенінде (қаладан шамамен 300 км қашықтықта орналасқан) ТШО қызметкерлеріне арналған жатақхана бөлшектелген.
Бұл құрылыс материалдары мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд. теңге бөлінген Алматыдағы ковидтік модульді аурухана құрылысына жіберілген",- деді мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков палатаның пленарлы отырысында.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды