Басты жаңалықтар
Министр мектеп оқушыларын 9-сыныптан кейін колледжге кетуге мәжбүрлеуге тыйым салды
Оқу-ағарту министрі мектеп оқушыларын 9-сыныптан кейін колледжге кетуге мәжбүрлеу заңсыз екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ешқандай "мектеп рейтингі" деген түсінік жоқ, ал мектеп оқушыларын тоғызыншы сыныптан кейін кетуге мәжбүрлеу заңсыз.
"Еске салғым келеді, оқу-ағарту министрлігі тарапынан мектептер мен мұғалімдердің рейтингі жоқ. Алайда кейбір жекелеген мектептерде белгісіз рейтингтер туралы сөз болып жатады. Осыған байланысты кейбір мектептерде білім беру ұйымдарының рейтингі үшін оқушыларды өз қалауынсыз колледждерге ауысуға мәжбүрлеу фактілері орын алып жатқаны белгілі болды", – деді министр.
Ғани Бейсембаев барлық білім бөлімдері мен мектеп әкімшіліктеріне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған