Министр Қасымов қонақ қып шақырған жігіттің тойына бармайтынын айтты

«Әрине, біз бара алмаймыз. Бірақ ол жігіттің мәселесін шешкелі жатырмыз. Қалыңдығы Қытайға депортацияланып, бес жылға тыйым салынған. Бұл заңды шешім. Енді тек аппеляция жазып, сотпен шешім шығару керек. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз»,-деді министр xалықпен есептік кездесуінде, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жамбылдық жігіт министрден ҚХР азаматшасына үйленуге көмектесуін сұраған болатын. Тұрсынбай Бөрібай есімді жігіттің айтуынша, ол ҚХР азаматшасы Иманәлі Жазирамен отбасын құрмақшы. Бірақ былтыр болашақ жарын көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шекарадан өткізбей қойған екен.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған