Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Бензин бағасы көп балалы аналар алатын әлеуметтік көмектің кесірінен өсті

Бензин бағасының өсуі көп балалы аналар алып жүрген әлеуметтік көмектің кесірі екен! Ұлттық экономика министрінің пікірі осындай. Жанармайдың жаңа жылдан бастап 6 пайызға, яғни 10 теңгеге қымбаттайтыны бұрын айтылған болатын. Мұны әлеуметтік төлемдердің көбеюімен байланыстырған министр Дәленов бензиннің қымбаттығы азық-түлік бағасына әсер етпейтінін тағы қайталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» жаңалықтарына сілтеме жасап. 

бензин
Алайда министрліктің бұл мәлімдемесіне экономика мамандары халықты алдаудың тағы бір түрі деп баға берді. Халықты кім неге алдап жүр? 

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сенсек, жанармай жаңа жылдан бастап 6 пайызға, яғни 10 теңгеге қымбаттағалы тұр. Себебі – әлеуметтік төлемдердің көбеюі. Оның ішінде жағдайы төмен, көп балалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек те бар. Екіншіден, шекарадан жанармайымызды талап алып жатқан ресейліктерге тоқтау салуға керек. Сөйте тұра, бензиннің қымбаттауы нарық қымбатшылығына соқтырмайды деп тұр.

«Жанармайдың өзіндік құнын жалғыз акциз ғана құрамайды. Сондықтан акциз құны 10 теңгеге өскенімен, бензин де 10 теңгеге өседі деген сөз емес. Мысалы, 2015 жылы біз акцизді 4,5 мыңнан 10,5 мың теңгеге көтердік. Бірақ жанармай бағасы нарықта ондай қатты қымбаттаған жоқ», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры
Азамат Әмірин. 

Ресейліктердің шекарадан арзан бензинімізді талап әкетіп жатқанын шенеуніктер талайдан бері айтып жүр. Өйткені біздің бензин олардікінен 100 теңгедей арзан. Жәрайды, акциз құны өсті делік. Бірақ, ол нарықты қымбатшылыққа әкелмейді, инфляция бастапқы болжанған дәлізден аспайды деген қаншалықты рас? Экономика мамандары осыған сене алар емес. 

«Қазірдің өзінде 57 пайыз дәлізінде тұр. Ал акциз өзінен-өзі бағаны көтерді. Ал баға көтерілгеннен кейін көліктің бағасы көтерілді.

Олай дейтін себебі, «акциз қанша өссе, тауар бағасы да соншалық өседі» деген қағида экономикада бірінші курста оқытылады дейді маман. Сондықтан бұл әрекеттің астарында жатқан құр бензин бағасы емес, бюджетті қалай толтырамыз деп қарманған түрі дейді. 

«Әр түрлі әлеуметтік көмек, ақшалай көмек, тұрғын үй жағынан көмек, тағы басқа. Осының барлығы бюджетке үлкен салмақ салғаны түсінікті. Енді бюджетті қалай толтырамыз деп әлек болып жатыр. Біресе  есепшоттарды бірбіріне ауыстырғанда, оған салық салу керек дейді. Айналып келгенде, енді бензинге салық саламыз», - дейді экономист  Жангелді Шымшықов.

Экономистің айтуынша, тығырықтан шығудың басқа жолы бар. Ол прогрессивті салық жүйесін енгізу. Оның ұтымды тұсы – салықтың көбі қалталыларға түседі де, табысы төмен қарапайым халық өз қалтасына сай салық төлейді. Яғни, табысына қарай салығы деген ұстанымға саяды. Мәселен, халқы бай тұратын Скандинавия елдері осындай салық жүйесін талайдан бері қолданып келеді және табысты қолданып келеді.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап жатыр

Қала әкімдігі эвакуация жасауға еш себеп жоқ дейді

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Құрметті азаматтар қатарына облыстан 10 адам ұсынылды

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қаупісіздігіне алаңдаулы

Шенеуніктер мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмағанын айтты

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Мұндай атаққа ең жас тұлға ие болды

Әлемдік зерттеуде қазақстандықтардың білім деңгейі тексерілді

Қазақстандықтар Испания, Италия тұрғындарымен бір деңгейде

Білім және ғылым министрлігі орта білімді дамыту үшін 18 триллион теңге сұрап отыр

"Мәселенің көпшілігі бюджет мүмкіндігіне қарай шешіледі"

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты

Өзі қылмыскермен бірге тұрды: Полиция Максим Гарифуллиннің анасының пікіріне түсініктеме берді

Баланың анасы әпкесін өлтірген қылмыскермен бірге тұрған

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Адвокаты сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады

ҚР банктерін сақтау үшін миллиард доллар жұмсалмақ: Ұлттық банк түсініктеме берді

Банк активтерінің сапасын бағалау желтоқсанның соңына жоспарланған
Çàãðóçêà...