Министр: Араб шейхтарынан хабар келсе, салафиттер халыққа қарсы шығады

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев еліміздегі радикалды діни ағым өкілдері және діни ахуал туралы айтып берді.

news1477203226

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

“Министрлік мемлекеттік дін саласындағы саясаттың тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама көптеген сарапшылар мен дінтанушылардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын ескеріп, кең талқылаудан өтті. Қазір тұжырымдама дайын, жақын арада үкіметтің талқылауынан өтіп, бекітілетін болады деп үміттенеміз”, – деді министр.

Осы ретте министр дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуынан туындайтын проблемаларға да тоқталды.

“Қазір біз деструктивті ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Бірақ олардың ішінде қазіргі таңда ең өзекті – ол салафизм деген радикалды ағым. Деструктивті діни ағым, мысал үшін салафизм болсын, олар қателік діни түсініктерді біздің тарихи дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, біздің халқымыздың көп этносты, конфессиялық сипатынан жоғары қояды. Олар тек шариғатқа, баяғы ежелгі діни талаптарға негізделген мемлекеттің құрылысын дұрыс жүйе деп есептейді. Мұндай шетін идеялар сан ғасырлық тарихымызға, сан ғасырлық мәдениетімізге қайшы келетіні сөзсіз. Шетелдерден белгілі бір шейхтардан сигнал келсе, ол кез келген уақытта қолға қару алып, өз жерлестеріне, үкіметке, мемлекетке қарсы шыға алады. Сондықтан оларға сенім деген жоқ”, – дейді Нұрлан Ермекбаев.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көпбалалы аналарға жәрдемақы бермей, жұмысқа шығуға міндеттейді

Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

Шымкент әкімі мұғалімдерді Ресей мен Украинадан алтыртуды ұсынды

Жоқшылық көрген отбасы Шымкенттен шалғайда елсіз даладағы үйшікке кіріп алған (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр