"Мың баласы бар" сперматозоид доноры өзін құрбан болдым деп мәлімдеді
Түрлі әйелден жүздеген баланы дүниеге әкелген голландиялық сперматозоид доноры өзін құрбанмын деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Daily Mail
Нидерландиялық Джонатан Мейер 2007 жылдан бері сперматозоидтарын клиникаларға беріп, әйелдерге тегін таратады. Алайда ол қанша отбасыға ұрық беріп, көмектесіп жүргенін айтпаған. Биыл шілдеде Netflix Мейердің бұл іс-әрекетін әшкерейтін "Мың баласы бар ер адам" деректі фильмін шығарды. Бұған жауап ретінде ол ВВС-ге сұхбат беріп, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
"Мен қатырылған спермаға қарағанда, клиенттеріме жаңа шәует ұсынамын. Бұған олар ақша да төлемейді. Ата-аналар менімен бетпе-бет сөйлесіп, қажет ақпаратты сұрай алады. Мұны қалай алдауға жатқызуға болады?" – деді ер адам.
Мейер бастапқыда клиенттерден ештеңе жасырмағанын айтады. Уақыт өте келе ол бұл оны қауіпті жағдайға әкелетінін білді. Өзін қорғау үшін ол қажетсіз мәліметтерді беруді тоқтатты. Бірақ ол әлі де балаларының шамамен санын беруді талап етеді. Мейер клиенттерінің оны жаппай донор екенін білетініне сенімді.
Бұған дейін 2017 жылы Мейерді Голландиялық акушерлік және гинекология қауымдастығының қара тізіміне енгізгені туралы хабарланған еді. Сол кезде Гаага қаласының тұрғыны ондаған түрлі клиникалармен ынтымақтаса отырып, 102 баланың әкесі болды. Алайда, бұл белсенді донорлықты тоқтатпады. Ол әлеуметтік желілер мен тақырыптық веб-сайттар арқылы биоматериалды жарнамалай бастады. Белгілі бір үлгілердің саны Дания мен Украинаға дейін жеткен.
Еске салайық, бұған дейін Илон Масктың отбасында тағы бір бала дүниеге келгенін жаздық. Миллиардердің жеке өмірімен таныс кей ақпарат көздері ол баланың 2024 жылдың басында өмірге келгенін айтты. Алайда баланың аты-жөні мен жынысы көрсетілмеген. Оның анасы Маск негізін қалаған Neuralink арнайы жобаларының директоры Шивон Зилис. Илон Маск Page Six басылымына, жаңа баланың дүниеге келгенін растады. Ол баланың жасырын түрде дүниеге келгені туралы мәлімдемені жоққа шығарды. Сондай-ақ қазір он бір баласы бар екенін жасырмады.