AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллионмен декретке": БЖТ төлеп, қомақты ақша алуға бола ма?

Жүкті қыз-келіншектерге әлеуметтік желідегі түрлі марафондар мен онлайн сабақтардан сақ болу ескертіледі. "Миллионмен декретке" деп аталатын сабақтардан бөлек, қазір кей блогерлер заңды айналып өтудің түрлі жолдарын ұсынуда. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеп хабарлайды.

Бүгінде инстаграмда онлайн сабақтың сан түрін көресіз. Блогер, коуч, тренерлер "декретке миллионмен", "баюдың түрлі жолдары" сынды кеңестерін жарыса ұсынуда.  Ал кейбірі керісінше, заңды айналып өтіп, қыз-келіншектерге декретке шығудың басқа бағытын үйретуде. Солардың бірі, жұмыс істемей, табыс таппай БЖТ төлеу арқылы декретке шығу.

"Мен де оқыдым. Бір группада жазды. 5-6 ай төлеп алдым. Еш қорқудың қажеті жоқ, ешқандай зияны жоқ, деп түскен сумманы көрсетіп, жолдарын жазып қойған еді. Қатты мән беріп оқымаппын. Ол кезде босанып қойып едім", "Мен де естідім. Сол рас па? Біле алмай жүрмін", "Мен де осы туралы естідім. Өзім жүктімін. 6 ай кішкентай қызым бар, 1 жарым жаста. Осыны төлеп, мен ала аламын ба?", "Мен білем жолын, өзім БЖТ төлеп шықтым декретке. Жақсы мүмкіндік", - дейді қала тұрғындары.

Мәселені егжей-тегжейлі мамандар түсіндіріп берді.

Гүлнұр Нұрланқызы, мұндай алаяқтарды жоққа шығармайды. Бірақ БЖТ төлеп оңай олжаға ие боламын деген қате пікір екенін айтады.

"БЖТ төлеп, тек декрет үшін істеу ол дұрыс емес. Ол заңсыз болады. Бірақ бізді қол қусырып, үйде бос отырған әйелдер өте кем. Міндетті түрде бірдеме істеп жатады",- деді бухгалтер Гүлнұр Нұрланқызы.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да  БЖТ-ны тек бейресми табыс тауып жүрген қыз-келіншектер үшін тиімді екенін айтады. Ал үйде бос отырып,  ешқандай іспен айналыспаған жандар үшін бірыңғай жиынтықты төлеудің мүлдем қажеті жоқ екен.

"Төлемге тағайындау кезінде біз міндетті түрде әрбір азаматқа байланысты, 19 тармағында жазылғандай бәрін тексереміз! Қай жерден қандай табыс тапты. Кейде дұрыс төлемейді. Қайта қайтарып, тағайындаймыз!", - деді "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Гүлбағила Болатбекова.

Қысқасы, жалған ақпарат бергендар жауапқа тартылуы ықтимал екен.  

"Заң жүзінде басқа заңдармен қарастырылған. Жалған ақпарат берген болса, әкімшілік кодекс бар. Жалған ақпарат бойынша қарастырылады", - деді Гүлбағила Болатбекова.

Сондықтан  үйде отырып ешқандай іспен айналыспаған  қыз-келіншектер БЖТ төлеп, әлек болмаса болады.  Одан қалды "декретте миллион теңгемен шығарамын" деп уәдені үйіп-төккен алаяқтардан сақ болғаны жөн, дейді сарапшылар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр