Мықты университеттердің тізімінде жоқ ресейлік ЖОО-лар не себепті Қазақстанда мамандар дайындайды – Министр жауап берді
Қазақстанда мықты, сапалы жоғарғы орындардың тізімінен шығып қалған ресейлік университеттер әлі күнге дейін кадрлар даярлауда. Бұл студенттердің білім сапасына әсер ете ме? Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуына қатысты брифингте сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Саясат Нұрбек мықты университеттің қатарынан шыққан ресейлік жоғарғы орындардың не себебі Қазақстанда әлі күнге дейін маман дайындап жатқанын түсіндірді.
Журналистің “Алғашқы 200 абыройлы жоғарғы оқу орындарының рейтингінде Ресейлік мұнай және газ университеті және Челябинск мемлекеттік университеті жоқ. Бұл ресейлік университеттерді филиалдары Қазақстанда не себепті ашылды? Талапкерлер аталмыш жоғарғы оқу орындарға түскен жағдайда олар студенттерге қандай мүмкіндік, мәртебе бере алады?” деген сұра қойды.
“Челябинск мемлекеттік университетіне келер болса, ол министрлік құрылғаннан біраз жыл бұрын ашылған еді. Қазірде өз тарихы, шектеулі бағдарламасы бар шағын филиал. Біз оны жай ғана қолдаймыз. Ол филиал тіпті картада да жоқ. Мәскеу мемлекеттік униферситеті 2001 жылы бізде алғашқылардың бірі болды, 2004 жылы филалы ашылды. Бүгінде біз филиалды кеңейтіп, биыл онда аспирантура мен жасанды интеллект және күрделі есептеу жүйелері бойынша магистратура бағдарламасын ашуды міндеттедік”, – дейді Саясат Нұрбек.
Министр рейтингте алғашқы 500 университеттердің қатарына кіретін ресейлік Халықапалық қаржы институтына да тоқталды.
“Шағын филиал Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орналасқан. Онда астрономия және физикасалалары бойынша жақсы бағдарламалар бар. Сол себепті біз бұл оқу орынды сақтап отырмыз. Ресей химия-технология университеті рейтингте жоғары орындарда тұрған жоқ. Бірақ “Еврохим” халықаралық химиялық компаниясы Қазақстанға қоныс аударуына байланысты Таразда үлкен химиялық комбинат ашқалы жатыр. Сол себепті оған қажет мамандар дәл осы Ресей химия-технология университетінде дайындалады. Ал Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті жалпы рейтінгде жоғарғы орындарда болмағанымен, онда екі мамандық бойынша кадрларды мықты дайындайды”, – дейді министр.