АҚШ-та оқушы мектепке тапанша алып келіп, үш адамның өмірін қиды
Мичиган штатының Оксфорд қаласындағы орналасқан мектепте болған атыстан үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Атысты шығарды деген күдікке 15 жастағы мектеп оқушысы ілініп отыр.
Полиция оқушыны 911 нөміріне келіп түскен қоңыраудан кейін мектепке келген уақыттан бірнеше минуттан кейін ұстады. Шабуыл жасаушының аты-жөні мен оқиғаның жәй-жапсары әлі белгісіз. Қайтыс болғандар 14 пен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы 15-20 оқ атқан. Қылмыскер қарсылықсыз өз еркімен берілген. Кейін белгілі болғандай, оқиғадан бірнеше күн бұрын оның әкесі қаладағы қару сататын дүкендердің бірінен тапанша сатып алған. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде қолында қару ұстаған жасөспірім бейнеленген суреттер пайда болған. Қылмысқа бару себебі бәймәлім болып отыр.
- Ресейде мектептегі тағы бір қырғынның алдын алғанын жариялады. Күдікті атыс шығарамын деп бәстескен
- Техастағы мектептердің бірінде атыс шықты: Қаза тапқандар бар
- "Артымыздан қуып, өткір затты шаншыды": Қарағандыда қайыршы балалар мектеп оқушыларына шабуыл жасады
АҚШ президенті Джо Байден қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
"Оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатқан уақытта, мен жақындарынан айырылудың адам елестете алмас қайғысын бастан кешіріп жатқан отбасы мүшелеріне шын жүректен көңіл айтамын", - деді ол.
Шабуылға байланысты штат билігі онда орналасқан барлық мектептерді келесі аптаға дейін жабады.