Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Мейрамбек Беспаев алдағы уақытта музыкалық арналардың бірін басқарып қалса, бірінші кезекте жартылай жалаңаш жүретін әншілерге “тұсау салатынын” айтты.

14676548_1127528120647525_3657622070855991296_n

Сурет: Мейрамбек Беспаевтың жеке парақшасынан

Бұл туралы Мейрамбек Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

– Жастық шағымда хаттар мен гүлдер келетін. Балалы-шағалы болғаннан кейін ойыншықтар келе бастады. Қазір тыңдармандарым жеміс-жидек жіберетін болды” деп айтып қалдыңыз. Жалпы есте қалған ерекше сыйлықтарыңыз бар ма?

– Қазір, расымен де, бізге шоколад пен жеміс-жидек береді екен. Өткендегі концерттен кейін Досымжан Таңатаров Қалқаман Саринге кішігірім жақсы ой айтып қалды. “Музарттың тыңдармандары топпен бірге өсіп келе жатыр екен. Көрерменнің есейгенін байқадым” деді. Бойдақ кезде гүлмен бірге “Мен сені сүйемін” деген хат келсе, соған рахаттанып қалатынсың. Ал қазір біздің Сәкен қойдың басын ұстап, бата беріп жүр. Негізі жастықпен таласуға болмайды. Кешегі біздің әндерімізді тыңдаған қарияларымыз үлкен ақсақал болып отыр. Сәкен “Құдай оның бетін ары қылсын! Бірақ, соңында тыңдармандарымыз дәрі әкеліп тұрмаса болғаны” деп күлдіріп еді. Қартайып жатсақ, оған да жетіп қалармыз.

– Музыкалық арнаны басқарсаңыз, бірінші кезекте қандай өзгеріс енгізетін едіңіз?

– Мен сияқты адамдарға тізгінді бермейді. Ертең мені “Өзі музыкашы бола тұра өнерді түсінбейді. Ұлтшыл! деп айыптаулары мүмкін. Мен рокты да, шетелдің музыкаларын да тыңдай аламын. Бірақ, мынандай масқараларды тыңдай алмаймын. Маған, расымен, музыкалық бағдарламаларды басқартқызбайды. Басқарған жағдайда бірінші жалаңаштарды құртамын. Әдепсіз, тәртіпсіздерден бастаймын.


Жіберіп алмаңыз:

Өзбек әнін аударып алған Жігер Ауыпбаев елдің сынына жауап берді (видео)

Мейрамбек Беспаев: Өзімді керемет әншімін деп санамаймын

Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Талқылау