Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырды
"МузАРТ" тобының солисі, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, Алматыдағы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай мәлімдеді.
"Кеше жедел жәрдем шақырттық. Алғашында пневмония деп айтқан, кейіннен коронавирус расталды. Онымен сөйлестім. Айтуынша, бұл ауруға өзі де сенбеген. Дәрігерлерге алғысын білдіріп отыр. Барша қазақстандықтарға бұл аурудың қауіпті екенін айтып, үйде отыруларын сұрайды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырғаны айтылған еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты