"Мейірімді бала еді": Оқу-ағарту министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатында опат болған оқушының қазасына көңіл айтты
Ақтау маңында болған ұшақ апаты кезінде қазақстандық 11 жастағы Эльдар Жұмағат пен оның анасы ГауҺар Шаймерденова қаза тапты. Оқу-ағарту министрлігі жасөспірімнің қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден
11 жастағы оқушының мұғалімдері Эльдардың талантты, мейірімді және еңбекқор бала болғанын айтты. Ол өзін білетін адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырды дейді.
“Оқу-ағарту министрлігі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам опат болды. Ұшақтағы қазақстандық азаматтардың барлығы көз жұмды.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"