Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева Павлодар қаласына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атын беруді ұсынды

Меруерт Түсіпбаева Павлодар қаласының атауын өзгертуді ұсынды. Әнші қалаға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атын беруді жөн санайды. Бастаманы желідегі оқырманы талқыға салды. 

“Неге мен туып-өскен қала, “Павлу дарен”? Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсірген. Еліміздің болашағын болжап кеткен ғұлама. Қазақтар, Павлодарға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің атын берейік. Павлодар деген атауды ауыстыратын уақыт келді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына беріңдер”, – деп жазды әнші. 

Желідегі оқырманы әншінің сөзін қолдады. 

“Дұрыс қой. Ештен кеш жақсы дегендей”, “Павлодарға Қонаевтың атын берсін! Қазақстанға зор еңбек сіңірген қайраткер!”, “Қостанай қаласында да көп өзге тілде түсініксіз атаулар. Соларды да ауыстыру керек.🤔Ақын, батырлардың есімдерін беру керек. Қазақстанда өз батырларымен аталу керек қала мен ауылдары”, “Дұрыс ұсыныс Меруерт, қолдаймын”, “Петропавлды да ауыстырк керек”, “Темірді қызған кезде соғу керек”, – деп жазды олар. 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.

Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.

Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.


Талқылау