Меруерт Түсіпбаева: Күйеуіме ақша ұсынып мені бір түнге сұрағандар да болды
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуіне ақша ұсынып, бір түнге әйелін беруін сұрағандар бар екен.
Бұл туралы “Жұлдыздар отбасы” журналы хабарлайды.
2009 жылы берген сұхбатында әнші қазіргі ер адамдардың ұсақталып кеткеніне назар аударған.
Мәселен, оның күйеуіне ақша ұсынып, әйеліңді бір түнге бер деп қолқа салғандар да өмір жолында кездескен екен.
“Жолдасыммен енді ғана бас қосқан жылдары екеуміз бір тойға бардық. Сонда менің күйеуімді сыртқа шақырып алып: «Мен саған пәлен мың доллар төлеймін. Әйеліңді бір түнге бер», – деген де ұятсыздар болған”, – дейді әнші.
Еркектер тарапынан сұқтанғандар көп болғанын сөз еткен әнші: “Шалбар кигеннің бәрін еркек деп айта алмаймын! Кейбір азаматтар дөрекілік те көрсетіп жатады. Ашық айтқаным үшін кешіріңіз, «сатулы адамдар» деп ойлап, арам ойын іске асырғысы келетіндері қаншама?!”, – деді Меруерт.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева “Қытайда тұратын жігіті бар” дегендерге жауап берді
Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)
Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым
Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты