"Мерей қасында, ешқайда кетпеді": Журналист Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді
Радиожүргізуші Гүлмира Нәлібай Мақпал Жүнісованы қолдап, әріптестеріне кеңесін айтты.
“Айналайын, қазағым! Ән еркесі Мақпал Жүнісоваға қатысты видеоны таратуды доғарыңыздаршы. Журналистер қауымы, оның ішінде “хайп қуған” журналистсымақтар сіздер де жарияға жар салып, айқайлатып мақала жазуды тоқтатыңыздар! Қазақтың ерке қызы болған Мақпал апай шаршап қалған шығар. Бірақ Мерей – қызы. Мақпал апайымызды түсініп, жандүниесіне үңіліп, мүмкіндігінше қолдауға тырысайық. Мерей қасында, ешқайда кетпеді. Ол анасымен бірге. Тоқтатыңыздар!”, – деп жазды Гүлмира Нәлібай.
Журналист әріптестеріне үлкен өтініш айтып, әншіге қолдау білдіруді сұрайды. Әнші мен қызы бірге екенін айтып, көпшілікті жұбатты.
“Аман болсын, ғұмырлы болсын. Екеуі де бақытты болсыншы”, “Мақпал апамыз елінің еркесі, мақтанышы”, “Алланың не берері, не көрсетері өзіне ғана аян. Мақпал қазақтың аулы қызы. Бұл әр қазақтың отбасында бар жағдай!Біреудің өмірін сөз етуге хақымыз жоқ. Қыз-ұл өсіріп отырмыз. Алла Тағала жар болсын барлығымызға! Бұл – өмір”, “Мақпал – халықтың еркесі, халыққа бар жанымен, жүрегімен қызмет жасап келеді. Сол биігінде қалады”, “Мақпал апайымызды қандай жағдайда да жақсы көреміз”, – деп жазды желідегі оқырмандар.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1 мамыр күні Алматы қаласында ән кешін өткізді. Кеште қызы Мереймен бірге ән салды.