Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кітап, сертификат, шетелге саяхат: 8 наурызға қазақстандық әйелдер не алғысы келеді?

Көктемнің ғажайып мерекесі 8 наурыз – асыл аруларымызды қуантудың тағы бір оңтайлы сәті. Себебі бұл мерекеде нәзік жандылар өздерінің ең жақын адамдарынан ерекше сыйлық пен құрмет күтеді. Біз әртүрлі жастағы арулардан олар үшін бұл мерекенің маңызы туралы, қандай сыйлық қалайтындарын өздерінен сұраған едік. Бұдан бөлек нәзік жандарға сыйлауға болатын сыйлықтар тізімін бөлісеміз әрі оны қалай тиімді сатып алуға болатынын айтамыз. 

жусан

Жақын адамдардан алған сыйлықтың орны ерекше. Мамандар да сыйлық беру арқылы адам сезімін, эмоциясын білдіреді дейді, яғни оны берудің де, алудың да маңызы жайлы айтады.

"Әріптестерден сыйлық алған кезде оның кәсіби қызметіне назар аударады. Ал әйелдер үшін ішкі жан-дүниесі мен адами қасиеттерін бағалау аса маңызды. Отбасындағы берілген сыйлықтар оған жасалған қамқорлық қана емес, махаббаттың белгісі. Бұдан бөлек, сыйлық алу әр әйелдің өзіне де байланысты. Егер әйел адам өзін сыйлыққа лайықсызбен деп санаса, сыйлыққа қуана алмайтын болса, оған көрсетілетін құрметтің де құны болмайды.

Сондықтан тіпті балалардың қолдан жасаған кішкене сыйлықтарының өзіне қуанып, алғыс айта білу керек. 8 наурыз мереке болып қалыптасқандықтан дәл осы күні жақындарыңның махаббатын сезіну маңызды. Өз басым әр әйел күнделікті сыйлық алуға лайықты деп ойлаймын. Ол үшін мерекені күтіп қажет емес", – дейді психоаналитик Шырын Айдарова.

Ал біз тілдескен әйелдер қауымы да мереке қарсаңында жақындарынан ерекше құттықтауды, өздеріне көңіл бөлінгенін қалайтынын жасырмады. 

Қазір Алматы қаласында білім алып жатқан 18 жастағы студент Жанна Асқарқызы 8 наурызда бірінші кезекте бауырлары, ата-анасымен туыстарынан құттықтау күтетінін айтады.

Жанна Асқарқызы, студент

"8 наурыз мен үшін ерекше бір нәзіктік, қуаныш, әдемілік сыйлайтын күн деп айтар едім. Осы сезімді сезіну үшін де мерекені асыға күтемін. Мен сыйлыққа кітап пен гүл алғанды жақсы көремін. Өзім анама немесе құрбыларыма олардың қызығушылығын оятатын белгілі бір орынға сертификат алып беретін едім", – дейді студент қыз.

Ал 38 жастағы ардақты ұстаз Лаура Қалмырзақызы бұл мереке бала кезінен бастап ерекше көңіл-күй сыйлайтынын айтады.

Лаура Қалмырзақызы, мұғалім

"Мен үйде жалғыз қызбын, өзімнен кейін екі інім бар. Бала кезімде інілерім мен әкем осы күнге ерекше дайындалып, күні бойы анам екеумізге ешнәрсе істетпей, үйді мұнтаздай таза етіп жинап қоятын. Әкем дәмді палау пісіріп, сыйлықтарын беретін. Қазір өз отбасым да екі қызым мен бір ұлым бар. Алғашқы болып жолдасым құттықтайды. Екі қызыма және маған қызғалдақ пен ерекше сыйлықтар береді. Шетелге саяхатқа шығуға жолдама сыйласа, қуанар едім", – дейді Лаура Қалмырзақызы.

Алтын құрсақты ана Күлән Уәшова бұл күні өзінің 11 баласы мен 20 шақты немересінен құттықтау күтеді. Бұл мереке 80 жастағы абзал анаға әулетінің басын қосып, қуанышты сәттерді көбейтуге себеп екенін айтады.

Күлән Уәшова, зейнеткер

"Осы күні балаларыммен немерелерім үйге келіп, келе алмайтындары телефонмен хабарласып, ізгі тілектерін айтады. Олардың жылы сөздерінің өзі көңілімді бір марқайтып тастайды. Сыйлыққа келетін болсақ, бәлкім белгілі демалыс орнына баруға сертификат алсам деймін", – дейді абзал ана.

8 наурыз – бірінші кезекте аналар мерекесі. Ал анаңызға сіз жасайтын басты сыйлық – қамқорлық. Осы қамқорлықты сыйлық арқылы көрсетуге болады. 

Ал егер сіз дәл осы мереке де жақын адамыңызға сыйлық іздеп, оны қайдан алуға болатынын ойланып отырсаңыз, назарыңызды Jusan Дүкенге аударамыз. Себебі 27 ақпан мен 12 наурыз аралығында мұнда 24 айға дейін бөліп төлеу науқаны өтуде. Банк қосымшасы арқылы дүкенге кіріп, әр алуан тауардың ішінің сіз үшін ең маңызды жанның талғамына сай келетін сыйлықты тауып алыңыз. 

Ал 50 000 теңгеге дейінгі сомаға сыйлық сатып алған жағдайда Jusan Дүкенде 10% бонус беріледі.  Дүкенде миллиондаған тауар мен қызмет түрін табуға болады. Олардың ішінде: смартфондар, тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар және парфюмдер мен күтімге арналған заттар бар.

Мерекеде сыйлық беру – өмірдегі ең жақын адамның көңілін көтеріп қана қоймай, оның осы кезге дейін сізге жасаған жақсылығының жемісін көрсетудің жолы. Осындай кішкене сыйлықпен, тосын сыймен, күтпеген кездесу арқылы қамқорлық жасау әрдайым маңызды. 

 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы

Талқылау