"Менің пәтерімде де өшіп қалады": Досаев тұрғындардың жарыққа байланысты қойған сауалына жауап берді
Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы электр қуатының жиі үзілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Достық" ықшамауданындағы үйлердің бірінің тұрғыны жарықтың қайта-қайта сөніп жатқанына шағымданып қала әкіміне сауал жолдады. Әйелдің айтуынша, соңғы бір айда күн сайын бір уақытта электр жарығы өшіп тұрған. Бұл сауалға Досаев өзінің де осындай мәселеге тап болғанын айтып, жауап берді.
“Менің үйімде де жарық өшіп қалады. Мен пәтерде тұрамын. Бізде де күніне бірнеше реттен жарық өшіріліп жатады. Білетінім мәселе "Алатау жарық” компаниясындағы желілердің жағдайына байланысты”, – деді Досаев.
-
Қазақстанда халық саны 2050 жылға қарай 27 миллионнан асады - Зерттеу
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған