Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзге түсетіндей денем бар": Дариға Бадықова өзінен жалыққан халыққа өкпелі

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзі жайлы жағымсыз пікір жазған жандарға өкпелі. Ол желідегі парақшасында өзінен жалыққан адамдарға жазба арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/dariga_badykova

Tik Tok желісіне сирек кіретінін айтқан актрисаның өзі туралы жазылған жаман пікірлерді көзі шалған.

“Осыдан басқа актриса жоқ па? Немене осы ғана? Барлық фильмдерде осы жүреді екен, тағы ойнай ма?” деген пікірлерді оқыдым. Мен жыл сайын түсіріліп жатқан жаңа фильмдерге түсіп жатқан жоқпын ғой. Жәй оң жамбасыма келген образдармен көзге түсіп жатырмын-ау. Тек топовый фильм, сериалдарға түсем десем. Қолымнан келгенше таңдап түсіп жатырмын. Веб-сериалдарға келісім беріп жатқан жоқпын. Одан кейін түскен фильмдер сериалдар, жалғасын тауып кетеді”, – деп жазды Дариға.

Өнер иесі халықтың көзіне жиі түсуінің себебін айтты.

“Көзге түсетіндей денем бар, күлкім бар, есте сақталатын образдар бар. Бастысы “осы-ақ” дегенді айтпаңдаршы! Бадықова көп емес қой құрсын.
Мені құртып неғылайын дедіңдер? Қандай зияным тиіп жатыр? Көздеріңізге сонша күйік болмаған шығармын”, – деп өкпе-назын жеткізді актриса.

Желі қолданушылары да актрисаның өз ісінің маманы екенін айтып, мақтау сөздерін аямады.

“Харизмаңызбен есте қаласыз”, “Шынайы ойнағаны үшін жақсы көреміз Дариғаны”, “Фильмдерді сіз үшін ғана көреміз”, “Сіз талантты, заманауи актрисасыз”, “Сіздің образдарыңыз ұнайды”, “Жұрттың сөзіңе мән бермеңіз”, – деп жазды желідегілер.

 

Талқылау