"Менің еш кінәм жоқ": Ерке Есмахан өткен өміріндегі ел білмейтін құпияны бөлісті
Отандық шоу-бизнес өкілі Ерке Есмахан өткен өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Бүгінде өнерлі жұп Райм мен Ерке махаббат қаласы атанған Парижде демалып жатыр.
“Парақшамдағы мұрағатты қарап, мәз болып отырмын. Ностальгия. Бұл жерде Раим екеуміздің барған шет елдеріміз. Күйеуім сонау жігітім болып жүрген кезінен бастап маған ел көрсетіп, брендтің бәрін әперіп, еркелетіп, жаман үйретті ғой. Менің еш кінәм жоқ. Бірақ бұл жерде жігітімді көрсетпей, өзім жүргендей кейіп танытқанмын", – деп ағынан жарылды әнші.
-
"Ерке мен Райымның құпиясын ашамыз": Ерке Есмахан атын пайдаланып курс жасайтындарға ескерту жасады
-
"Қарындасына жол беріп тұр": Ерке Есмахан тағы бір сәбилі болуға қатысты пікір білдірді
Сондай-ақ жұлдызды жұп Франция еліндегі қымбат мейрамханада тамақтанып отырғанын көрсетті.
“Екі Мишлен жұлдызы бар мейрамхана. Бәріңізге Еуропада демалу бұйырсын! Бақытты демалыс болсын!”, – деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, Мишлен мейрамханалары бірнеше онжылдықтар бойы авторлық тағамдарымен, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетулерімен және маңғаз интерьерлерімен ерекшеленіп келеді.
Еске салайық, "RaiM мен Erke тенденциясынан шошимын" деп журналист Әйгерім Есенәлі махаббаттағы жас айырмашылығы туралы ой қозғаған еді.