"Менің де есімде": Деревянченко Головкинмен жекпе-жегінің алдында қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін болатын жекпе-жектің алдында қазақстандық жанкүйерлерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Деревянченко Instagram желісінде қазақстандықтарға алғыс білдірді.
«Менің «Арланс» үшін жекпе-жегімді білетін және маған әлеуметтік желілерде жақсы сөздер жазып жатқан қазақстандықтарға алғыс білдіргім келеді. Сол кездер жақсы уақыт ретінде менің де есімде. Рахмет», - деп жазды украиналық боксшы.
Деревянченко 2012-2014 жылдары Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) қазақстандық «Астана Арланс» клубының атынан додаға түсіп, артынша кәсіби карьерасын бастаған еді.
Айта кетсек, Деревянченко мен Головкиннің жекпе-жегі 5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған