"Менімен төсектес болсаң, тегін жеткізем": Жолда қалған жолаушыға қазақстандық таксист қандай ұсыныс айтты
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылып, жолаушылар қиын жағдайда қалғаны белгілі. Мұндайда такси жүргізушілері жолаушыларды тегін жеткізе ала ма?

"Сенбілік жаңалықтар" бағдарламасының журналисі осы мақсатты арнайы зерттеу жүргізіп көрді. Ол көлік жүргізушілерін тоқтатып, тегін жеткізіп салуын өтінді. Елордалық такси жүргізушілері арасында 1-2 жүргізуші бұған келісті. Басқалары бас тартты. Тіпті жасы келген азамат тегін жеткізу үшін төсек қатынасын ұсынды.
"Сіз сонда осылай жұмыс істейсіз бе?", -деді журналист таңырқап.
"Енді не істейміз. Тегін дүние жоқ. Менімен төсектес бол. Тегін апарам", - дейді ол.
Көп такси жүргізушілері жолақысына 800 теңгеден бастап 2000 теңгеге дейін ақша сұрайды.
"Қазір тегін кім жүреді?" деп күлгендері де бар.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі