Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені үйімнің алдына жылатып тастап кетті": Айжұлдыз Адайбекова күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке өзінің не себепті ажырасқанын айтты. Блогер қыздың айтуынша, жолдасы екеуінің ажырасуына енесі кінәлі. 

Желі қолданушылары Айжұлдыздан не себепті ажырасқанын сұрады. Енді бірі Қыранды анасы үшін тастап кетпеу керек еді деп жазды. Енді бірі қолдау көрсетті.  

"Менің не себепті ажырасып кеткенімді айтар болсам, оған енем кінәлі. Енем мен жүкті кезде басқа келінді қалады. Оған мен ұнамадым. Менің шай құймайтыным, бас киім киетінім, түрім, блогер екенім, тіпті анам да ұнамады. Менің токсикоз болып жүргенім де ұнамады. Оларға 24 сағат үйде отыратын, шай құйып отыратын келін керек екен. Жолдасымның өзі солай айтты. Мені жүктілігіме қарамастан жылатып үйімнің алдына тастап кетті", - деді Айжұлдыз Адайбекова. 



"Не деген арсыздар? Шынында да өздері үйге әкеліп тастады ма?", "Соншалық адам көңілі қалар еді, бұлай болуы мүмккін бе?", "Оның себебі жоқ емес пе? Өзіңіз жақтан кінә жоқ па?", "Небір енелер бар. Әркім өз баласындай көру керек. Біреулер баласын қызғанып солай жасайды", "Айжұлдыз өзің де өзгеріп көрмедің бе, кінәні біреуден іздеген оңай", "Неге бас киім киіп жүрсіз үйде, орамал тақпай?", "Келінді құл көреді ғой кейбіреулер", - деп жазды желідегілер. 

Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова жолдасынан ажырасқанын мәлімдеді. Жақында ғана бас қосқан жұп екіге айырылып кетті. Ал дизайнер ана атанды. 

Талқылау