"Мені тоқ соға бастады": Алматыда субұрқақтағы адамдарды құтқарған жігіт болған оқиға туралы айтты
Студент Абылай Балапанов Алматыдағы төтенше жағдай туралы айтып берді. Көмекке асыққан жігіт әйел мен қыздарды құтқарып қалды.
Бұл туралы Абылай Балапанов Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында айтты.
Абылай Балапанов 19 жаста. Ол Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университетінің екінші курс студенті. Сенбі күні ол сәкіде кітап оқып отырған. Сол кезде көмек сұраған әлдекімдердің даусын естігенін айтады.
"Мен бұрылып қарадым, бір топ адам көмек сұрап жатты. Не болғанын білуге жүгірдім. Фонтанда адамдар жатты. Екі қыз бен бір әйел ішімен суға жабысып жатқандай болды", – деді Абылай.
Алдымен, жігіт жарақат алған қыздардың бірінің анасын судан алып шықты.
"Мен суға түсіп едім бірден аяғымнан жамбасыма дейін тоқ ұрды. Бірақ қатты соққы берген жоқ. Мен қыздың анасын шығарып алдым. Қызды шығарып алуға барғанда, ток күші анағұрлым қатты соқты. Мен суға құлап түстім, электр тоғы қаттырақ соқты. Субұрқақ сөнген кезде мен жақтауға отыра кеттім. Сол кезде қасыма 40-50 шамасындағы адам келіп: "Сені де тоқ соқты ма ?” деп сұрады. Мен “иә” дедім. Ол суға абайлап кіріп, қызды аяғынан ұстап шығарды", – деп жалғастырды Балапанов.
"Суда мені де тоқ соғатынын білдім. Көмекке шақырған әйел де тоқ соғатынын ескертті. Қорқыныш болды. Мен ерлік жасадым деп ойламаймын. Менің орнымда кім болса да осылай жасар еді. Болған оқиға әлі күнге дейін көз алдымда. Кейде өзім өлім кетуім мүмкін еді ғой деген ой келеді", – деп мойындады Абылай.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы субұрқақта екі қыз бен әйелді электр тоғы соққан жазатайым оқиғаға қатысты түсініктеме берді.