Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менен үлгі алыңыз": Гүлзира Айдарбекова мақтаншақ деп сынаған оқырманын орнына қойды

Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде көптің талқысына түскен экс-депутаттың тойынан үзінді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Шымкент қаласындағы экс-депутаттың ас та төк тойын көрсеткен продюсердің жазбасы сынға қалып, оқырмандары “мақтаншақ” деп сөкті. 

“Мақсат ініміздің 50 жас мерейтойының басталуы да, аяқталуы да ерекше керемет өтті. Тойдың басында анасына ән арнап, ортаға алып шығып, артынан би билеп ашты. Бизнесмен ініміз өзі салып жатқан пәтерден Астана қаласынан үй, көліктен бастап түрлі ұтысты қонақтарына арнады. Осындай той барша қазағыма бұйырсын дегендер жүрекшеден баса кетіңіздер!”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, тойды талқылап жатыр. Бірі бастан-аяқ өзін ғана көрсеткен продюсердің әрекетін сынап жатыр. 

“Осылар-ақ тойдан қалмайды”, “Мақтаншақ екен өздері”, “Қайрат – аңыз адам дегендерге күлкім келеді” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Өз кезегінде продюсер сынаған оқырмандарына жауап берді. 

“Сіздің мақтануға тұрарлық игі еңбегіңіз болса, ел дәріптеп, 3 миллионға жуық оқырмандарыңыз бағалап жатса, мақтансаңызшы.”Әйелдің жауы әйел” демекші, өзіңіз бола алмай, болғанды көре алмай, өсек іздеп, өз-өзіңізді жұбатсаңыз, жаныңыз рахаттана ма?! Менен үлгі алыңыз! Мен ешкімді жамандап, тілдемеймін. Қандай қиындық, сынақ, қастандық, түрлі жамандық жасалып жатса да, Алла ретін тауып берерін уыстап беріп жатыр. Маған қанша жамандық жасағандарға да керісіп бет жұлысып көрмеппін, жаймен ғана Аллаға тапсырып, өзімді алшақ ұстаймын, болды. Мен үндемей қоя салғанға, мен жеңдім деп ойлайтындар да көп. Бірақ алдағы уақытта Алла қандай сынақтар дайындап қойғанын білмейді, керісінше менің жүрегім ауырады. Тәккаппарлығын түсінсе екен, зияндық көрмесе екен, Алла сен оны кешші, түсінуіне мүмкіндік берші мен кешірдім деп іштей тілеу тілеп отырамын. Жай ғана ойланып көріңізші”, – деп жауап жазды Гүлзира Айдарбекова.   

Еске салайық, Мұқасан Шахзадаев пәтер, Заңғар Нұртас телефон ұтып алған экс-мәжілісменнің 50 жас мерейтойы желіде қызу талқыға түсті. 

Талқылау