"Менде олигарх болса, бұлай жүрмес едім": Ерке Есмахан жалғыздықтан қорқатынын айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан өмірдегі басты қорқыныштарының бірін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап.

«Ең жаман, ең қорқатын нәрсе – жалғыздық. Мен ешқашан жалғыз өткім келмейді. Бәрібір дегенмен кішкентайым бар, ақыл тоқтатқан қызбын. Біраз сынақтан өттім. Болашақта, бұйырса, сүйіктімді тапсам деймін. Мені «Осындай ән шығарыпты», «Олигархы бар екен, ойбой», «Еркеге рахат» деп айтып жатады.
Менің ондай олигархым болса, маған ақшаны біреу тек жай беріп жатса, бұлай жүрмес едім. Бұрын махаббат болса, бәрін тастаймын да кетемін деп жүре беретінмін. Тастап кеткен кездер болған. Қазір өйте алмаймын. Ол адам мені жақсы көрсе, осындай жұмысымды, осындай қалпыммен қабылдауы керек», - деді әнші.
Сондай-ақ, ол отбасылы болғанын ұлының да қалап жүргенін айтты. Айтуынша, қарындас пен іні сұрап өтініш айтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі