Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен үшін жаңалық емес": Жұлдыз Әбдікәрімова "Дәстүр" фильмі туралы пікір білдірді

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көрерменге жол тартқан “Дәстүр” фильмі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актриса туындыны арнайы барып көрген. 

“Дәстүр” фильміне енді жеттім. Не көрдім?!. Дәстүрдің естісі бар, ескіргені бар! Бұл мен үшін жаңалық емес. Түсінбейтінім, неге қолданыста қалып отыр? Қарапайым мысалы, қыз алып қашу – дәстүр емес, бұл – қылмыс. Қызды зорлау – ұят емес, қылмыс. Мұндай жағдайларда дәстүрге салып, ағайынды емес заңды араластыру керек. Әйтпегенде әлгі тігісін жазуға тырысқанның барлығы да – қылмыскер. Бұл – менің пікірім. Фильм екі жанрды қамтуға тырысқан. Сәтті жүзеге асырылған. Негізгі ой көрерменге жетті. Маркетинг өте тамаша жұмыс істеген. Авторлық құрам да тамаша. Ермек Шынболатов Болатты жақсы сомдаған. Әрекетіне сендірді. Әсет Есжан сомдаған имамның соңғы сахнадағы батылдығы ұнады. Кино саласындағы әріптестеріме сәттілік тілеймін! Жауа туындылар күтеміз деген ой қалдырғым келді”, – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары да өз пікірлерін жарыса жазып жатыр. “Дәстүр осы деп тұрған жоқ! Түсінген адамға арты жаман болады! Бұндай қадамға бармаңдар деген мағынаны ұғып тұрмын өз басым” десе, енді бірі “фильмнің атауы дұрыс емес” деген пікірде. “Маған кинодан шыққан көрермендердің арасындағы жігіттер қауымының “давай, жігіттер, адал үйленейікші” деп айтып жатқанын көріп мәз болып кеттім. Болашақ өз қолымызда ғой!”, деді желі қолданушысы. 

Еске салайық, қыз алып қашуды насихаттайды деп сынаған заңгер фильмді көрсетуге тыйым салуын сұрағанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау