Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен үшін арнайы жалдапты": Фариза Төреәлі күйеуінің тосынсыйын көрсетті

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевтың сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Спортшы күйеуі құны 2 миллион тұратын сыйлықты беру үшін арнайы мұз айдынын жалдаған. 

“Енді таныса бастаған кезде осы мұз айдынына келгенбіз. Оған да 5 жыл болыпты. Сол сәттерді еске түсіру үшін Дархан ешкім жоқ кезді пайдаланып түнде мұз айдынын жалдапты. Аяқасты “киін, кетеміз” деді де, ойламаған жерден осындай тосынсый жасап көңілімді жүрек жарды сөздерімен босатып қойды”, – деп жазды блогер. 



Сонымен қатар Фариза жылтырақ әшекей бұйымдарға құмар екенін мойындады. Айтуынша, қымбат білезікті көптен бері алғысы келіп жүрген көрінеді. 

“Әйел заты өз рөлінде әйел болып, шешімді еріне тапсырып, жүрегімен оған сенсе қалған береке Алладан. Әйелдің нәпсісі түрлі жылтырға құмар ғой, оны мойындаймыз. Алла солай жаратып қойыпты біздерді. Осы білезік ұнайтынын және қалайтынымды жеткіздім, қалған әрекет жолдасымнан болды. "Алла разылығы үшін жарымды қуантамын, отбасыма ең жақсыны беремін, қамтамасыз етемін" деп ниет қойып, тырмысып еңбек еткен әр ер азаматтың әрекетінің сауабын Алла өзі береді”, – деп жазды блогер. 

 

Талқылау