Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен түсінетін тілде сөйлесесіз": Дрифт турнирінің жетекшісі қазақ тіліне қатысты атышулы видеодан кейін жұмысын тоқтатты

Gorilla Energy Kazakhstan компаниясы Gorilla Drift Championship турнирінің жетекшісі Артем Чекменевтің қазақша сөйлеуден өрескел бас тартқаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/artem.chekmenev

Оқиға 2 маусымда ұлттық дрег-рейсинг турнирі кезеңінде болған. 

"Бұл спорттық іс-шараның ресми демеушісі және ұйымдастырушысы емес. Сондықтан бұл жағдайға біздің пікір білдіруіміз орынсыз деп санаймыз. Сондай-ақ Артем Чекменев компанияның ресми бренд елшісі емес екенін хабарлаймыз. Өйткені онымен келісім-шарт 2021 жылы аяқталған. Қазіргі уақытта онымен ешқандай өзара міндеттемелеріміз жоқ", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге компания Артем Чекменевтің бұл жарысты ұйымдастырушылардың бірі екенін растады.

"Орын алған жағдайларға байланысты Артем Чекменевті чемпионатқа және біздің брендке қатысы бар басқа да спорттық іс-шараларға қатысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерден ішкі тергеу аяқталғанға дейін уақытша алып тастау туралы шешімге келдік", – деп хабарлады компания. 

Айта кетейік, бұған дейін Артем Чекменевтың видеосы желіде тараған еді. Ол өзінен сұхбат алғалы тұрған адамға дөрекі сөйлеп, қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі түрде бас тартқан. Сол сәтте Чекменев жанындағы сұхбаттасушыға "мен түсінетін тілде сөйлесесіз немесе мүлдем сөйлеспейсіз” деген еді. 

Талқылау