“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым!" — Қуат Хамитов

Фото:kff_team
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстанның жастар құрамасын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 9 қазан күні сырт алаңда Андорра құрамасымен матч өткізіп, 1:0 есебімен жерлестеріміз есе жіберген еді. Осыдан кейін Хамитов kzsports сайтының instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында футболшыларды сынап, жазба қалдырды.
“Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар деп айттым! Маған сенбедіңдер!” – деп жазған Қуат Хамитов.
Қуат Хамитов бұған дейін де отандық футболды бірнеше рет сынаған еді.
Еске салсақ, 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан жастар құрамасы үш ойынның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген соң турнир кестесінің бесінші сатысына төмендеді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

