Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен өз түрімді көрдім": Жасанды интеллект украин қызын орысқа айналдырып, Қытайда Ресей өнімін жарнамалаған 

Украиналық Ольга Лоек біраз уақыт бұрын өзінің бет-әлпеті Қытайдың әлеуметтік желілеріндегі көптеген видео роликтерде қолданылғанын білген. Қыз бейнесі жасанды интеллект көмегімен онлайн құралдар арқылы жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: ВВС

Ольганың түр-әлпеті 35 аккаунтта қолданылған. 

"Менің мұндай сұмдық дүниелерді айтып жатқанымды біреулердің көргенін қаламас едім. Ресей жарнамасы үшін украин қыздың бетін пайдалану – жай ғана абсурд. Мен өз түрімді көріп, дауысымды естідім. Бірақ мен үшін мұның бәрі өте жиіркенішті болды. Өйткені маған мен ешқашан айтпаған сөзді айтқызған", – деді АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқитын 21 жастағы украиналық студент Ольга Лоек.

Оның видеоларын жариялаған аккаунттарда қызға әртүрлі есім берілген. Біреуінде София болса, келесілерінде Наташа, Эйприл, Стейси деп атаған. Бұл кейіпкерлердің барлығы Ольга мүлде білмейтін солтүстік қытай тілінде (немесе мандарин тілінде) сөйледі. Бірақ олардың бәрі орыс-қытай достығын мадақтаған немесе ресейлік тауарларды жарнамалаған.

"Мен бұл видеолардың 90%-ға жуығы Қытай мен Ресей туралы, екі елдің достығы, олардың сенімді одақтас болу қажеттігі туралы айтатынын түсіндім. Сондай-ақ олар азық-түлік өнімдерін де жарнамалады", – дейді Ольга.

Ең танымал аккаунттардың бірі "Наташадан импортталған өнім" деп аталды. Оған 300 мыңнан астам пайдаланушы жазылған.

Арасында Наташа арнасының жүргізушісі: "Ресей – әлемдегі ең мықты мемлекет. Басқа елдердің Ресейден теріс айналып жатқаны қынжылтады. Орыс әйелдері Қытайға келгісі келеді" дейді. Артынша орыс тәттілерін жарнамалай бастайды.

Ольга үшін бұл қорлау болды. Өйткені оның отбасы Украинада тұрады және ол Ресей әскерлері басып кірген өз елін барлық жағынан қолдайды.

Бұған дейін қазақстандық ұлттық банк жасанды интеллект арқылы дауысын өзгертіп, жақындарынан ақша сұрайтындардан сақтану керек екенін ескерткен

Талқылау