"Мен оның жағдайын жасап беруге міндетті емеспін": Дархан Жолшыбеков некесіз қызына қатысты пікір білдірді
Танымал блогер Дархан Жолшыбековтың некесіз туған баласы төңірегіндегі дау әлі жалғасып жатыр. Жезқазғандық ару “Көреміз” бағдарламасына келіп, алименттің өскенін алайда алғашқы сот отырысына блогердің қатыспағанын айтты.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Айта кетейік, блогер Дархан Жолшыбеков бағдарламаға қатыспағанымен, редакцияға келіп, 15 мың алимент төлейтінін растаған. “Мен ішімнен ол қыз жағдайын жасап алғысы келіп тұр” деп ойлаймын. Ал мен оның жағдайын жасап беруге міндетті емеспін”, – деп қысқа қайырған.
Осыдан 5 жыл бұрын, қыз бен жігіт болып жүріп, бала көтеріп қойған Айдана Сапарбекованың шырылдап жүргені – 5 жастағы қызының денсаулығы. Осы күзде мектепке баратын Айша сөйлемейтін көрінеді.
“Қаражаттың аздығынан қызымның емін үзіп аламын”
“Қазір қызымды емдетіп жатырмын. Азғантай болса да, өсу бар. Сөздерді түсінеді. Кейде емін үзіп аламын. Бір логопед маманға 250 мыңдай ақша кетеді. Оны менің қалтам көтермейді. Алғашқы сот отырысына да, бағдарламадан кейін де өзі немесе жақындары хабарласқан жоқ. Мен құжат бойынша биологиялық қызы екенін дәлелдеп отырмын. Әрі қарай да қызымның еміне қаражат беруін сұраймын. Бір жыл мектептен қалып қойдық. Мені жұрт ақша керек, дүниесіне қызығып отыр деп, сөгіп жатыр. Қызымның еміне ғана ақша сұраймын. Осы күнге дейін тіс жармадым. Өйткені әкем шахтада істегесін, бізді асырады. Бірақ қазір ол жұмыстан шығып қалды. Осы күнге дейін Дарханның ақшасы керек емес деп рұқсат бермей жүрді. Кейін қаражаттан қиналғанда Дарханның өзіне жаздым. Сол күні оқып, мені блокқа тығып тастады. Тіпті, мен қызбен Алматыға барайын, жолығайық дедім. Жауап бермеді. Содан осылай бағдарлама арқылы шығуыма тура келді”, – дейді жас ана.
Блогер – күрек пен қолғап сататын компанияның қызметкері
Табысты блогерлердің көшін бастап тұрған Дархан Жолшыбеков ресми түрде небәрі 150 мың теңге жалақы алатын жеке кәсіпкердің компаниясында тіркеліп тұр екен. Компания директоры қызметкерінің жауапты екенін айтып мақтады.
“Жұмысқа жауапты адам. 75 мың айлығы бар. Бірақ соңғы кезде 150 мың теңгеге көтердік. Түнде хабарлассаң да, жауап беріп отырады. Бірақ офиске келіп, онымен жолыға алмайсыздар. Ол онлайн істейді”, – деді Баян Қарабекова.
Алайда аталған компанияны директоры білім беру орталығы деп таныстырса, кәсіпкерлер базасында ол қолғап пен күрек сататын компания болып көрсетілген.
Бір курстан түсетін табыс – 4 млрд теңге
Блогердің сауда-саттықты үйрететін онлайн курсы бар. Құны – 25 мың теңге. 7 мың адам қатысып, бір сәтте 4 млрд теңгені қалтасына басатынын да бағдарлама ұжымы әшкереледі.
Сондай-ақ әйеліне қымбат сыйлық пен өзіне алатын дүниелер – тек бренд. Жемпірінің өзі – 500 мың теңге. Сағаты – 8 миллион теңге. Әйелінің сақиынасы – 6 миллион теңге.
Алайда ми дамуы тежелген деген диагноз қойылған некесіз баласына 30 мың теңге ғана көмек көрсетеді. Тіпті бағдарламаға бірауыз пікір де білдірмеген. Есесіне Қызылжар өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жүр.
Цементті құймас бұрын ойлану керек еді