AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызымызды зорладым деп айтты": Алматыдағы зорланған үш айлық нәрестенің анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Алматыда үш айлық баланың зорланғаны жөніндегі сұмдық оқиғаны Adil қайырымдылық қорының негізін қалаушы Оксана Маралова жариялаған болатын. Баланың анасы Вера Безлюдко оқиғаның мән-жайын ашып айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экспресс К” басылымына сілтеме жасап. 

Кішкентай Дашаның анасы Вера Безлюдко Алматыдағы жанармай құю станцияларының бірінде жұмыс істейді. Түріне қарап, мешіттің жанында балаларын садақа сұрауға мәжбүрледі деп айта алмайсың. Өңі жақсы. Алкагольді ішімдік ішіп жүрген адамға ұқсамайды. Қолында фитнес білезігі, ал қалтасында екі жаңа смартфоны бар әйел оқиғаның қалай басталғанын баяндап берді. 

“Оқиға былай болды. Мен Дашаны дүниеге әкелген кезде, Саша (бірге тұратын адам) салмақтылау болып, өзгере бастайды деп ойладым. Дашаға жүкті болған кезде-ақ, ол қызымды жатырымда өлтіріп тастаған. Осы жерде жанармай бекетінде менімен бірге жұмыс істеді. Сол кезде әкімшілікке барып, мен өлі баланы дүниеге әкелгенімді айтып, жерлеуге ақша сұраған. Барлығы жиналып, оған қаражат жинап берген", – деп Вера өз әңгімесін бастады.



Осылайша, әйел Сашаның әрбір ыңғайлы жағдайды пайдаланып, әр жұмыс орнында ақша табатынын айтады. Біресе баласын, біресе туыстарын жерлеп қаражат жинаған. Ал оның бәрін ішімдікке жұмсапты. 

"Бірде мен дүкенге барып келу үшін Сашадан Дашамен бірге бола тұруын өтіндім. Даша бізде дүкеннің тамағын ішетін. Қоспаға ақша болмаған соң, "Снежок"  балалар айранын сатып алып бердім. Тамақтанып болған соң үш сағаттан кейін ол күшеніп, кішкене артқы тесігін жыртып тастады. Жылай берді. Саша оның қатты мазасызданып жатқанын айтты", – деп жалғастырды әйел.

Сондай-ақ Вера қызының шала туылғанын айтып берді. Салмағы 2 кг 640 грамм болған. Перзентханада әйелге қызда жүрек ауруы бар екенін айтқан.

“Жаялығын ашып қарап едік, онда қан ағып жатыр. Саша алдымен сұқ саусағын тығып көріп, содан кейін ортаңғы саусағын тыққанын айтты. Не үшін олай істегенін сұрағанымда, сол жерді тұрған шашты алғанын жеткізді”, – дейді Вера.

Ал Дашаны ауруханаға жатқызған кезде дәрігерлер бұл оның күшенгенінен болған жараға ұқсамайтынын мәлімдеді. Яғни бұл зорлауға ұқсас болған. Операция алдында дәрігерлер оған күдікті нәрсе болғанын айтты. Ол әр жолы, үлкен дәретке отырар кезде қатты жылайды. Бірақ зорлау болғандығы туралы медициналық растау қағазы бізге берілмеді", – дейді әйел. 

Дәрігерлердің мәлімдемесі туралы әйел бірге тұратын азаматына айтқан. Алайда Саша бәрін жоққа шығарған. Бірақ бір күні қоңырау шалып, мойындапты. 

Маусым айының басында ол маған қоңырау шалды. Ішіп алған. "Білесің бе, мен саған бірдеңе айтуым керек? Мен қызымызды зорладым”, – деп маған мас күйінде мойындады. Келесі күні ол айтқан сөздерін ұмытып қалғанын айтты”, – дейді әйел. 

Вераның айтуынша, ол учаскелік полиция бөліміне барған. Бірақ оны аудандық полиция басқармасына жіберген. Алайда әйелдің арызын қабылдамапты. 

“Біз ол жерге ерікті Оксанамен бірге бардық. Ол кезде полиция ешқандай шара қабылдамады. Бізде қыздың зорланғаны туралы құжаттық дәлел болған жоқ. Барлығы тек сөзбен түсіндірдік”, – дейді Вера. 

Қазіргі уақытта еріктілер медициналық құжаттарды алуға тырысуда. Вера полицияға қызының зорланғанын дәлелдегісі келетінін айтады.

"Өткен жұмада мен оның үстінен арыз жаздым. Полиция қызметкерлері маған зорлау туралы сұрақ қоятындарын айтты. Мен бастапқыда өтініш жазғым келген.Тек Оксана мені дұрыс түсінбей қалды. Керісінше, мен оның жазалануы үшін қолымнан келгеннің бәрін істейтінімді айттым. Егер бұл бір рет жасалса, тағы да қайталанатыны анық", – деп ойлайды Вера.

Әйел қазір Александрмен бірге тұрмайтынын айтады. Бір жылға жуық уақыт болған. Бірақ оның кетуіне бұл қорқынышты оқиға себеп болмапты. Оған азық-түлік пен кір жуғыш машина сатып алып келуді сұраған. Бірақ “жақсы” деп шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұдан басқа Вераның екі ұл, бір қызы бар. Үлкен қызын 14 жасында дүниеге әкеліпті. 

Айта кетсек, Adil қайырымдылық қорының негізін қалаушы Оксана Маралова оқиғаның басы 2020 жылдың жаз айынан бастау алғанын айтқан. Ол кезде Оксана сәбиді көшеде кездейсоқ кездестіріп қалған. Қыздың үлкен ағалары қарындастарын тамақтандыру үшін өткен жандардан садақа сұрап жүрген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр