"Мен Қазақстаннанмын": Жүзгіш Playboy-дың мұқабасына шыққан алғашқы паралимпиадашы болды
Неміс жүзушісі Елена Кравцова Playboy мұқабасына шыққан алғашқы паралимпиада спортшысы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жеті жасында орыс ұлтының қаны бар бар қазақстандық спортшыға макулярлық дегенерация диагнозы қойылды, ол көздің генетикалық ауруы - содан бері қыз біртіндеп көру қабілетінен айырылып жатыр.
12 жасында қыз отбасымен Германияға көшіп кеткен.
"Менен өзімді кім деп санайтыным туралы жиі сұрайды - орыс немесе неміс. Менің бүгінгі өмір салтым, көзқарасым еуропалық. Бірақ мен жүрегімде және менталитетімде орыспын. Бірақ Ресейден келген орыс емес, Қазақстаннан шыққан орыс, онда адамдар бәрібір қарапайым, сыпайы, қатал тәрбиеленген", – деді Кравцова.
"Мен бұл мүмкіндікті жіберіп алғым келмеді. Екі күндік түсірілім керемет болды. Мен әрқашан өзімді кәсіби модель ретінде сынап көргім келген, және мен оны жасадым. Маған өте ұнады. Әрине, толқу болды - бұл кейбіреулерді есеңгіретіп тастады, бірақ айта кетуім керек, мені керемет пікірлер мен көптеген мақтаулар таңқалдырды", - деді Елена Кравцова.
The Sun басылымның хабарлауынша, Кравцоваға дейін паралимпиадашылардың ешқайсысы Playboy мұқабасына шықпаған.
Айта кетейік, Кравцова 2012 жылы Лондондағы Паралимпиадада күміс алды. Елена нормадан тек үш пайызды ғана көреді.