Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен қарсы болдым": Назарбаев елорданың атауын өзгерту туралы

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордаға оның есімін беру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордада болған өзгерістерді сөз еткен Назарбаевқа америкалық режиссер: "Иә, бұл сіздің қалаңыз, сол себепті оны Нұр-Сұлтан деп атадыңыз ба?", – деген сұрақ қойды Оливер Стоун. 

"Мен мұны қалаған жоқпын. Мен қарсылық білдірдім", – дейді Елбасы. 

"Ал сіз қаланы қалай атайтын едіңіз?", – деп сұрады режиссер.  

"Қаланы "Астана" деп мен атадым. Бұл сөз қазақ тілінде "елорда" дегенді білдіреді. Бірақ кейінгі президент қалаға оны құрған адамның есімін беру керек деген шешім шығарды", – деді Назарбаев. 

"Мен қызметте жүргенімде тек университетке менің есімімді беруге келістім. Мен университетті дамыту үшін үкіметтің назарын осылайша аударғым келді. Ал қаланың атауын өзгерту туралы ұсыныс көптен бері талқыланып жүрген еді. Бұл мегаполис айдалада бой көтерді. "Сіздің есіміңізді бермегенде, кімдікін береміз? Бұл қаланың әрбір тасына сіздің қолыңыз тиген ғой" деп айтты", – дейді тұңғыш президент. 

Сонымен қатар Елбасы оның құрметіне көше, қаланың атауын беруге үзілді-кесілді қарсы болғанын жеткізді. 

"Мен президент болғанда менің сөзіме құлақ асатын", – деді Елбасы. 

Еске салсақ, 2019 жылы 20 наурызда елордаға "оны құрған адамның есімін беру" туралы бастама көтерді. 23 наурызда Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. 

 


"Өмір бойына қал деді": Елбасы президент лауазымынан бас тартуы жайлы

Талқылау