"Мен – заңды әйелімін": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің бірінші отбасынан тыныштық беруін сұрады
Әнші Мақпал Жүнісова “1001 түн” бағдарламасында күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасымен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мерейдің Зәкеңнің екі баласымен де жақын араласуына болатын еді. Зәкеңнің заңды әйелі менмін, ол – бәйбішесі емес, ажырасып кеткен әйелі. Сол кісі күйеуімнің көзі тірісінде балаларды араластырмады. Зәкеңнің өмірден өткеніне 18 жыл болды, сонда Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Мерей мектеп бітіргенде біреуі келіп құттықтаған жоқ. Зәкеңнің зейнетақысына таласқан соң, не сұрайсыз? Зәкең қайтыс болғанда Қайрат 38-де, Құралай 33 жаста еді. Сөйтіп отырып олар пенсияға таласып, 18 жыл бойы Зәкеңнің ақшасын Мереймен бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз, оның шаңырағының иесіміз. Сондықтан бізге тыныштық берсін”, – дейді Мақпал Жүнісова өтініш айтып.
Бұған дейін Мақпал Жүнісова қызы Мерейді қалай асырап алғаны жайлы айтқан болатын.