"Мемлекет үшін тиімсіз": Министр Қазақстанға "Яндекс.Таксидің" баламасын жасау үшін не кедергі екенін айтты
Цифрландыру, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Яндекс.Таксидің" баламасын жасау үшін Қазақстанға не кедергі екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанға "Яндекс" секілді жоба жасау тиімсіз.
"Естеріңізде болса, бізде Didi такси жобасы болды. Алайда нарықта қала алмады, Қытайда қанша ақша болғанымен, "Яндекспен" бәсекеге түсе алмады. Миллиардтаған доллар қажет. Бұл үшін венчурлық инвесторлар салым жасау керек", – деді ол.
Бағдат Мусин Қазақстан үшін жеке цифрлық такси жобасын жасаудың тиімсіз екенін мәлімдеді. Сонымен қатар мемлекет цифрлық жоба жасауға ниетті кәсіпкерлер үшін салық жеңілдіктерін ұйымдастыруы керек.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"