Мемлекет басшысы Израиль президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогіне құттықтау жеделхатын жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Ицхак Герцогты Израиль мемлекетінің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
“Сіздің “барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет” деген пікіріңізбен келісемін”, – деді Ицхак Герцог Тоқаевқа.
Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"
