Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында алтын жүлде жеңіп алған биатлоншы Ербол Хамитовті құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент спортшының табандылығы мен мықты ерік-жігерінің арқасында қиындықтарды еңсеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті. Оның бұл жетістігі үлкен құрметке лайық екені айтылды.
Михаил Шайдоров Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовті қазақ тілінде құттықтады
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған Ербол Хамитов бұған дейін Паралимпиадада шаңғы жарысынан қола жүлде жеңіп алған.
Мемлекет басшысы спортшыға алдағы уақытта да жаңа жеңістер, сарқылмас күш-қуат және мықты денсаулық тіледі.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады