Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда таңдау жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жақын арада қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алда үлкен жұмыс бар. Бүгін өзгерістер енгізуге дауыс беріп жатқан Конституцияны іске асыру керек. Атап айтсақ, партияларға, Парламентке қатысы бар заңнамаларға өзгеріс енгізілмек. Парламентіміз бұл міндетті абыроймен атқарады деп ойлаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға енгізілген жаңалықтар елдің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді меңзейтінін атап өтті.

"Түптеп келгенде мемлекет пен қоғамның арасындағы қатынастың парадигмасы өзгереді, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл - аса маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге ие болады. Омбудсмен Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Ол орган да біз үшін жаңа институт", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Алдымызда тұрған мақсатымыз бен жұмысымыз өте ауқымды. Бәріміз ел болып жұмыс істеуіміз керек. Еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер аз емес. Сондықтан еліміз бұл бағытта қырағылық танытуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Оқушылар сарайында орналасқан №59 референдум учаскесінде дауыс берді.


Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді

Талқылау