Мектептерде 1 қыркүйек қалай өтеді – Вице-министр жауап берді
Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мектептерде 1 қыркүйек – Білім күнін өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 қыркүйекте барлық мектепте салтанаттты жиындар ұйымдастырылады.
"Сосын "Білімге құштарлық, еңбекқорлық пен патриотизм" тақырыбында сынып сағаттары өтеді. Білім күніне арналған салтанатты жиын мен сынып сағатын өткізу тәртібін, сондай-ақ қатысушылардың санын әрбір мектеп өзі анықтайды", – деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 7 мыңнан астам мектеп бар. Барлығы 3,6 миллион оқушы орта білім алып жүр. Жаңа оқу жылы 2023 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған